Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды.

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Мемлекет басшысы Қырғызстанға барды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды
Фото: Ақорда

Осыған дейін Мемлекет басшысының Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде — 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен баратыны туралы жаздық.