«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Сондай-ақ көрмеде «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының», құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында баяндалды.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Аталған алаңда жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын және 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды ілгерілету бағытында белсенді жұмыс атқарылуда. Соның ішінде «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылады.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 миллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген. 

Айта кетелік Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болған еді