Мемлекет басшысы өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты заңға қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,-делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Осыған дейін Тоқаев мемлекеттік қызметі туралы заңға қол қойған болатын.