Мемлекет басшысы Перу Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Мемлекет басшысының Перу Президентіне құттықтау жеделхатын жолдағанын мәлімдеді.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Кейко Фухимориді Перу Президенті қызметіне кірісуімен және осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Президент Кейко Фухиморидің жауапты қызметіне табыс, ал Перу халқына құт-береке тіледі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королін туған күнімен құттықтады.