Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

ТАРАЗ. KAZINFORM — Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Фото: Ақорда

Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайыз. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған.

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында «Қазфосфат» серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Фото: Ақорда

Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Фото: Ақорда

Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді. 

Айта кетелік Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Сонымен қатар Президент Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысқан еді.

Соңғы жаңалықтар