16:26, 09 Қазан 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM – Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.
Бұған дейін Президенттің Душанбе қаласына барғанын хабарлаған едік. Мемлекет басшысын халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.