18:10, 16 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты
АСТАНА. KAZINFORM – Елді мекендегі газ реттеу нысанының алғашқы кешені іске қосылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады. Жобаның жалпы құны – 11,4 миллиард теңге.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 27 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосшыға облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілген болатын.
Айта кетейік, Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты.

Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.