Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

у
Фото: Ақорда

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Байкен биыл 17 шілдеде Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.