Президентке орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жобасы таныстырылды
АСТАНА. KAZINFORM - AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
ҚР Оқу-ағарту Мемлекет басшысының білім сапасын арттыру және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне жүйелі енгізуге ерекше назар аударылып отыр.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және Sinovation Ventures пен 01.ai компанияларының бас атқарушы директоры Ли Кай-Фу жасанды интеллект технологияларын орта білім беру жүйесінде қолданудың негізгі тәсілдері мен мүмкіндіктерін таныстырды. Жоба педагогтердің жұмысын қолдауға, оқытуды әр оқушының жеке қажеттілігіне бейімдеуге, сондай-ақ ауылдық және шағын жинақты мектептер үшін сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл бағыттағы негізгі қағидат - жасанды интеллект мұғалімді алмастырмай, оның кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін және білім сапасын арттыруға көмектесетін құрал болуы тиіс.
Осыған дейін Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттігі кеңейтілетіні туралы жаздық.