14:18, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысы 2050 жылдағы Қазақстан жайында айтып берді
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміздің жастары мақсат-міндетті жауапкершілікпен атқаратынына сенемін. Бұл туралы бүгін «Астана-Арена» стадионындағы «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» спорттық бұқаралық акция барысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«2050 жылы менің ойымша, Қазақстан сауатты халық болады. Ел халқы үш тілді жетік меңгереді. Қазақ тілі жаппай қазақстандықтардың тілі болады да, соның төңірегінде Қазақстан ұлты деген бір ұлт пайда болады», - деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы жастарға білім мен бәсеке жолында еңбек етуге шақырды.
«2050 жылы жер бетінде 9 млрд. адам тұратын болады. Соның ішінде бәсекелестік артады. Осы бәсекеден біз жеңіп шықпасақ, артта қалуымыз мүмкін. Сондықтан еліміздің жастары осы мақсат-міндетті жауапкершілікпен атқаратынына сенемін», - деп түйді Н. Назарбаев.