19:40, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінің кейбір салаларын дамытуға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев заңнаманы «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге және агроөнеркәсіп кешенінің кейбір салаларын дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.