13:05, 24 Наурыз 2022 | GMT +5
Мемлекет басшысы Александр Герлицті «Құрмет» орденімен марапаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті паралимпиадашыларды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат жарлықтың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:
«Құрмет» орденімен
Герлиц Александр Александрович | – | «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы |
Жданович Антон Владимирович | – | «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы |
Коломиец Василий Сергеевич | – | «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 наурыз
№ 844