10:21, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы: біздің есігіміз өзара тиімді негізде елімізбен ынтымақтастық орнатуға тырысатындардың бәріне ашық
аусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Біз келісім мен тұрақтылық салтанат құратын еркін қоғам құрып жатырмыз». ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммиттің ашылу рәсімінде осылай айтты.
«Қазақстан мол табиғат байлықтарына ие. Біз экономиканы, еңбек ресурстарын серпінді дамытып жатырмыз. Біз келісім мен тұрақтылық, инвесторлардың меншігін қорғайтын заңдар салтанат құратын еркін қоғам құрып жатырмыз. Мұның бәрі тұрақтылықтың маңызды кепілі және біздің елімізде бизнес жүргізудің сәттілігі. Біздің есігіміз өзара тиімді негізде елімізбен ынытмақтастық орнатуға тырысатындардың бәріне ашық», деді Елбасы өз сөзінде. Мемлекет басшысының айтуынша, «бұл форумға қатысқан шетелдік бизнесмендер Қазақстанның үлкен мүмкіндіктерімен жан-жақты таныса алады».
Бүгінгі алқалы кеңеске Үкімет мүшелері мен қазақстандық ірі компаниялардың және банктердің жетекшілері де қатысуда.