Мемлекет басшысы Қазақстан мен ХҚҚДБ арасындағы Грант туралы келісімді ратификациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Энергия тиімділігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен ХҚҚДБ арасындағы Грант туралы келісімді ратификациялады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.