Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған брифингі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады (ФОТО)

Брифинг барысында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады.

«Бүгін 7,5 мың мектеп 2,6 миллион балаға есігін ашты, соның 300 мыңы - бірінші сынып оқушылары. Біз әрбір бірінші сынып оқушысына менің жеке құттықтауыммен бірге Отанымыз туралы кітап сыйладық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.