Мемлекет басшысы конституциялық мерзімдерді есептеу мәселелері бойынша кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Заң Конституцияда қарастырылған нормаларды анықтауға, басталу, ағымдағы және аяқталу мерзімдерін айқындауға және бірқатар конституциялық заңдарды нақтылауға бағытталған

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар