Мемлекет басшысы ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ұйымдастыру-басқару қызметін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заң Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің ұйымдастыру-басқару қызметін жетілдіруге бағытталған.
Заңың мәтіні баспасөзде жарияланады.