Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясы мен ЕҚДБ басшыларын қабылдады

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері - «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының  президенті Вагит Алекперов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мировты қабылдады,
None
None

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-інші отырысының күн тәртібі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстанның технологиялық даму және әртараптандыру саясатына шетелдік инвесторлардың қатысу мәселесі әңгіме болды.

Әңгіме барысында ЕҚДБ басшысы Т.Миров Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасына жоғары баға берді.

- Бағдарлама өте жақсы және табысты орындалды. Үкімет ішкі жалпы өнім деңгейін ұстап тұруға едәуір күш-жігер жұмсады, қазір ол басқа елдерге қарағанда, едәуір жоғары. Сонымен қатар банк секторына қолдау көрсетілді, ал бұл бұдан әрі экономиканың өсіміне оң ықпал етеді, - деді Т.Миров журналистерге арналған брифингіде.

ЕҚДБ басшысы сондай-ақ Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті.

- Бұл - өте маңызды. Инвесторлар Қазақстанға дағдарысқа дейінгіден де көп көлемде инвестициямен оралады, - деп атап көрсетті Т.Миров.

Соңғы жаңалықтар