Мемлекет басшысы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР заңына қол қойды
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Заң білім алу және білім қызметтерін қаржыландыру, білім деңгейін көтеру үшін қаражат жинақтаудың қолжетімді құралдарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.