Мемлекет басшысы Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы  Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы заңға қол қойды

"Мемлекет басшысы «Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзетуді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды" делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.