Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ел тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде алғашқы мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді
БІШКЕК. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылы ішіндегі алғашқы мемлекеттік сапарымен келді.
Мемлекет басшысын ҚР Президенті Алмазбек Атамбаев қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен кейін мемлекеттік әнұран ойналып, екі ел президенті Конгресс Холл сарайында шағын құрамдағы кездесу өткізді. Одан кейін кеңейтілген құрамдағы жүздесу болып, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысын өткізу жоспарланған.
Қорытындысында Президенттердің қатысуымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдету туралы мерейтойлық декларацияға, 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Жоғары мемлекеттаралық кеңестің шешіміне, Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан мен Қырғызстан Парламентаралық кеңесін шақыру туралы №2 шешіміне, 2007 жылғы 11 шілдедегі Қазақстандық-қырғызстандық инвестициялық қор құру туралы Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, Қырғызстанда мектеп салу туралы Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Ал ертең Қазақстан Президенті Түркітілес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне қатысады.