Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Түрікменстан Президенті Қ.Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен түрікмен тарапының бастамасы бойынша телефон арқылы сөйлесті,

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Түрікменстан Президенті Қ.Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ Каспий жағалауы газ құбыры және Қазақстан мен Түрікменстанды Иран арқылы байланыстыратын «Өзен ? Қызылқия ? Берекет ? Этрек - Горган» теміржол құрылысы перспективалық жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Әңгіме барысында екі елдің басшылары үстіміздегі жылғы сәуір айының аяғында Алматыда өтетін Арал теңізін құтқару жөніндегі халықаралық қорға қатысушы мемлекет басшыларының саммиті аясында жеке кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.