Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь еліне ресми сапармен келеді

МИНСК. 13 мамыр. ҚазАқпарат  Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев Минскіге ресми сапармен келеді деп күтілуде.
None
None

Сапар аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың тет-а-тет форматында және кеңейтілген құрамда кездесулері жоспарланған. Оның барысында мәселелердің кең ауқымы талқыланып, саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени гуманитарлық және мемлекетаралық қарым қатынастардың басқа да салаларындағы екіжақты құжаттарға қол қою көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Елбасы Н.Назарбаевтың Беларусьқа үшінші ресми сапары. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 1992 жылдан бері Қазақстан мен Беларусьтың арасындағы байланыс өзара түсіністік мен сенім негізінде дамып келеді. Беларусь тарабының пайымынша, Мемлекет басшысының осы жолғы сапары толыққанды өзара тиімді әріптестікке жаңа мүмкіндіктер ашып, қуатты серпін беретін болады.

Соңғы жаңалықтар