Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет басшысы Теміртау тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ТЕМІРТАУ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының барысында Теміртау тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Теміртау тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

«Қазақстанда Тұңғыш Президент күнін бірінші рет атап өтудеміз», - деді Н.Назарбаев Теміртаудағы металлургтер алаңында өткен митинг қатысушыларына. Президент Теміртауға келуді ұнататынын атап өтті. «Бұл менің сүйікті қалам», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Н.Назарбаев бұған дейін Теміртау қалалық әкімдігінде болып, онда ашылған Тұңғыш Президент мұражай-кабинетімен танысып өтті. Кабинет 1970 жылдар стилімен құрылды. Мұнда сол дәуірдің құжаттары қойылды. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында болды.

Н.Назарбаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның комбинатында болды, бұдан кейін оның жұмыс сапары Қарағандыда жалғасады.