Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға үндеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда жастардың жұмыссыз жүруіне себеп болатын жағдайлар жоқ, деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тараз химия-технологиялық колледжінің студенттерімен және оқытушыларымен жүздесуі барысында. Айта кетейік, аталмыш оқу орны аймақта ашылып жатқан химиялық өндіріс орындарының өндірістік персоналын қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін 2014 жылы салынған.
None
None

«Мемлекет әр адамның өз ісін ашуы үшін барлық жағдайларды жасап отыр. Ауылда шағын несие беріледі - ауыл шаруашылығымен айналыс, отбасыңды асыра.... Егер қолыңнан бұл да келмесе, біз сені мемлекет есебінен қалада оқытамыз, сосын жұмыс береміз», - деді Мемлекет басшысы қазіргі заманда әлемде тек адамдардың 2%-ында ғана жоғары білім бар екенін атап өтіп.

«Әркім жоғары білім алуды қаламайды және жоғары білім ала алмайды. Ал қалғандары ше? Қалғандары осы әлемді жасайды! Бізді көлікпен тасымалдайтын, компьютерлерді іске қосатын, ас үйде жұмыс жасайтын кім? Стансаларда жұмыс істейтін, болат дәнекерлейтін, кірпіш жасайтын кім? Бұл - адамдар. Егер сен жұмыскер кәсібін таңдасаң, оны жетілдірсең, сенің біліктілігіңді қажет ететіндер болады, сен өз біліміңді сата аласың, сені бағалайды. Ең бастысы - мамандығың болсын. Сонда сен керексің. Кәсібің болмаса, сен кімге керексің? Әрине, көше де сыпыру керек, ыдыс та жуу керек. Алайда жас кезіңде білім алып, кәсіп игерсең, жақсы өмір сүретін боласың», - деді жастарға арнаған сөзінде Н.Назарбаев. Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған форумға қатысты.

Соңғы жаңалықтар