Мемлекет басшысының атына Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына байланысты ТүркПА бас хатшысынан пікір білдірген хат келді

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ТүркПА Бас хатшысы Рамиль Гасановтан Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына бай­ла­ныс­ты пікірін білдірген хат келді.

Мемлекет басшысының атына Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына байланысты ТүркПА бас хатшысынан пікір білдірген хат келді

Бұл туралы бүгін «Егемен Қазақстан» газеті «Болашаққа бастайтын маңызды құжат» деген материалда жазған.

«Биылғы Жолдау елді бо­лашаққа бағыттайтын маңызды ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаттардың қатарына жатады. Онда мәні ерекше жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге нақты жауап берілген», - деп жазады хат иесі.

Рамиль Гасановтың ха­тын­да одан әрі былай делінген: «Ха­лықаралық қатынастарға арналған бөлім менің қызы­ғу­шы­лығымды оятты. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойын­ша жүзеге асырылып жатқан көптеген бастамалармен қатар, түркі әлемінің интеграциясы идея­сының алар орны мен үшін тым ерекше. Атап айтқанда, Қа­зақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың бастамасымен түркітіл­дес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы құрылып, сәтті дамып келеді. Интеграциялық үде­рістердің аясында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақ­тас­тық кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі ака­де­миясы сияқты құ­ры­­лым­дар құ­ры­лып, жұмыс істеуде. Ал 2012 жылы Астана Түркі әлемі мен ТМД-ның мәдени ас­танасы атанып отыр. Осы орайда, 2011 жылғы сәуір айында Астанада ТүркПА-ның екінші пленарлық отырысы өт­кенін және Ассам­блеяға төр­аға­лықты қазақ­стан­дық тарап­тың қабыл­да­ғанын атап айтқан жөн».

Хат соңында: «Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаң­ғыртудың барлық бағыттары бойынша белгіленген міндеттерді орындайтынына, эконо­ми­каны нығайтып, қоғамды тұрақтандыратынына және ха­лық­тың әл-ауқатын арттыра түсетініне күмән келтіруге болмайды»,  -  делінген.