Мемлекет басшысының Жарлығымен Олимпиада-2012 қорытындыларымен қазақстандық спортшылардың жаттықтырушылары ордендермен марапатталды

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан спортшыларының Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы қол жеткізген жетістіктері үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен олардың жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлады ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олимпиада-2012 қорытындыларымен қазақстандық спортшылардың жаттықтырушылары ордендермен марапатталды

ҚР Спорт және денешынықтыру істері бойынша агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен мемлекеттік наградаларды табыс етті.

І дәрежелі «Барыс» орденімен «Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның бас жаттықтырушысы Алексей Геннадьевич Ни марапатталды.

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:

«Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның нұсқаушы-спортшысы Сергей Дмитриевич Алексеев,

«Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның жаттықтырушысы Виктор Геннадьевич Ни марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:

«Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның жаттықтырушысы Александр Владимирович Стрельников марапатталды.

«Парасат» орденімен «Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның жаттықтырушы-кеңесшісі Энвер Түрклери марапатталды.

«Құрмет» орденімен:

«Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның бас жаттықтырушысы Мырзағали Құланұлы Айтжанов,

Алматы қалалық спорт шеберлігі республикалық мектебінің жаттықтырушысы Сәкен Ешпайұлы Аязбеков,

Қазақстан Республикасының спорт шебері, жоғары санаттағы жаттықтырушы Ержас Бекназарұлы Болтаев,

Ақтау қалалық Олимпиада резервтері балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Марат Исағалиұлы Жәкиев,

Жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушы-оқытушысы Сергей Иванович Кручина,

Бокс бапкері, Қазақстан Республикасының әйелдер боксы құрамасының үйлестірушісі Берік Борамбайұлы Маржықпаев,

«Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның аға жаттықтырушысы Вадим Эдуардович Присяжнюк,

№7 Олимпиада резервтер мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің аға жаттықтырушысы Әділет Кәрібайұлы Сарыбаев,

«Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы» РМКК-ның бас жаттықтырушысы Вячеслав Леонидович Сокирко,

Олимпиада резервтері балалар-жасөспірімдер мектебінің бокс бойынша жаттықтырушысы Владимир Иванович Шайрер марапатталды.