18:44, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Мемлекет болашақта елдің жүйеқұраушы банктерінің капиталынан шығатын болады - Е.Бахмутова
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Мемлекет болашақта елдің жүйеқұраушы банктерінің капиталынан шығатын болады. Бұл шаралар уақытша болып табылады, деп мәлімдеді ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова.
Ол ҚР-дағы реттеу үшін жасалған қадамдар қаржы секторы негізінде жеке болуы керек дегенге саяды деді. Алдыңғы қатарлы банктер ісіне мемлекеттің араласуы уақытша және қаржы секторының тұрақтануына қажетті болған соң жасалған.
«Біз алдағы уақытта, мемлекеттің жүйеқұраушы банктерінің капиталынан шыққын соң, бұл сала бойынша нарық ұстанымдары мен жеке меншікке деген құрмет негізінде құрылатын жеке меншік қалыптасатын болады деп үміттенеміз», - деді Е.Бахмутова.
Ол шетел инвесторлары ҚР қаржы секторының дамуына түсіністікпен қарайды және инвестициялар алда өсетін болады деп атап өтті. Қазір инвестициялар банк капиталының үштен бір бөлігін құрайды.