Мемлекетімізге қаламның қуатыменен алда да қызмет ете береміз - Мемсыйлық иегері С. Досанов

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қалам қайраткерлері алда да мемлекетімізге қаламның қуатыменен қызмет ете береміз.

Мемлекетімізге қаламның қуатыменен алда да қызмет ете береміз - Мемсыйлық иегері С. Досанов

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан әдебиет пен өнер саласындағы 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған Сәбит Досанов  осылай айтты.

Мемлекеттік сыйлыққа жазушы С. Досанов  «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін ие болды.

«Аса қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің қолыңыздан Мемлекеттік сыйлықты қабылдап тұрғанда менің ойыма Бұқар жыраудың : «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай» сөзі оралып тұр. Осы сөздерді Сізге арнап айту әділетті болмақ. Себебі, Қазақстанның әлем таңғалған табыстары және біздің шығармашылық жетістеріміз осы Сіздің басшылығыңыздың арқасында болып отыр. Сондықтан да біз қалам қайраткерлері алда да мелекетімізге қаламның қуатыменен қызмет ете береміз. Елімізді бақытқа бастай беріңіз»,-деді С. Досанов.