Мемлекеттік хатшы Австралияның Қазақстандағы Елшісінен сенім грамотасын қабылдады

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Австралияның Ресей Федерациясындағы және Қазақстан Республикасындағы (қоса атқарушы) Төтенше және Өкілетті Елшісі Маргарэт Тумиден сенім грамотасын қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін болған брифингте М. Туми Қазақстан мен Австралия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында екі елдің өзара байланысын өркендету мәселелерін талқылағандарын атап көрсетті. Қазақстан мен Австралия табиғи ресурстарға бай мемлекеттер екенін айтқан елші, екі елдің табиғи ресурстарды өндіруді қамтамасыз ету саласында перспективасы зор екенін атап көрсетті. «Әлемдік қаржы дағдарысы Австралияға да, Қазақстанға да салқынын тигізуде. Сондықтан менің ойымша, біздің елдер үшін дағдарыстан қалай шығуды, бұл проблеманы шешуде қандай әдістерді қолдануды және болашақта қалай өркендеуді талқылау аса маңызды», - деп атап көрсетті М. Туни. Сонымен қатар брифингте Қазақстан мен Австралия үкіметтерінің басшылары былтыр кездескендерін еске салған елші: «Мен олар биыл да жүздеседі деп үміттенемін. Елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытып, оған жаңа серпін беруде жеке қарым-қатынастар өте маңызды», - деді. Ол Қазақстан ДСҰ-ға кіру аясында Австралиямен келіссөздерді аяқтағанына тоқталып, таяу арада біздің елдің аталмыш ұйымға мүше болатынына сенім білдірді. Сөз арасында М. Туни Қазақстан басшылығы тарапынан Австралиядағы өрт салдарынан болып жатқан қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтуларға ризашылығын білдірді.
Соңғы жаңалықтар