Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бақылау бірнеше бағытта жүргізіледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент директоры Салауат Муксимовтің айтуынша, қоғамдық бақылау картасы әлеуметтік желілер мен байланыс орталығының жұмысына негізделетін болады. «Қазірдің өзінде агенттікке қарасты әрбір аймақтық құрылым әлеуметтік желілерде өз парақшаларын жүргізіп келеді. Ол - бір. Екіншіден, қоғамдық бақылау «Qamqor» атты мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Үшіншіден, аймақтарда арнайы бақылау топтары болады. Олар да мемлекеттік қызметшілердің жұмысын қадағалайды», - деді С.Муксимов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Департамент басшысы әлеуметтік желілердің тиімділігін ерекше атап өтті. Мәселен, агенттік басшысы Алик Шпекбаев өзінің жеке парақшасын ашқаннан бері оған 160 арыз түсті. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда xалық тарапынан түсетін арыз-шағымдардың көлемі екі есеге артып отыр.
«Әлеуметтік желілер арқылы біз бұған дейін білмей келген тәртіп бұзушылықтарды ашып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін азайта аламыз. Мәселен, қазіргі кезде кез келген аймақтың тұрғыны Фейсбук, ВКонтакте, Инстраграм, сондай-ақ Уатсап пен Телеграмм мессенджерлері арқылы өз арыздарын жібере алады. «Qamqor» мобильді қосымшасын да пайдаланып, тәртіп бұзудың фотосын жолдауға мүмкіндік бар», - деп атап көрсетті С.Муксимов.