Мемлекеттік рәміздер - егемендігіміздің, елдігіміздің айшықты белгілері - О.Нәсибов, БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік рәміздер - егемендігіміздің, елдігіміздің айшықты белгілері. Оларды, ұлтына қарамастан, Қазақстанда тұратын әр азамат қастер тұтуы тиіс.
None
None

Бұл туралы Орал қаласындағы «Еуразия» академиясының студенті, Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы жастар қанаты төрағасының орынбасары Орхан Нәсибов мәлім етті.

Өзінің айтуынша, Әзірбайжанда дүниеге келген ол Оралға 2000 жылы ата-анасымен көшіп келген. Қаладағы №23 орта мектептің 9-сыныбын бітіргеннен кейін Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжіне түсіп, оны үздік тәмамдап шықты. Қазір «Еуразия» академиясында шет тілін меңгеруде. Қазақ тілін жақсы білетін ол өзге ұлт өкілдері арасында өтетін дәстүрлі облыстық байқауға да қатысып үлгерді. Өзінің оқу орнында «Достық» клубына жетекшілік ететін Орхан қоғамдық-саяси шараларға белсенді араласып келеді.

«Қазақ еліне көшіп келгеннен кейін мемлекеттік рәміздерге ерекше мән беріп, Әнұранды жаттап алдым. Оны бүгінде көппен бірге айта аламын. Шын мәнісінде адам ықылас қойса, жүрегі қалаған істің бәрін жасай алады. Сондықтан Әнұранды әр азаматтың жаттап алып, ол орындалған кезде шырқай білгені дұрыс деп есептеймін. Көк Туымыз еліміздің тұғырлы да биік екендігін көрсетсе, Елтаңбамыз еңсемізді одан сайын көтереді. Ал Әнұран әркез жүрегіңді тербеп, кеудеңді осындай Отаным бар! деген мақтаныш сезімі кернейді. Жүзден астам ұлттың басын біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдырып отырған Елбасымыздың орнықты саясаты арқасында Қазақстанымыз аршынды қадамымен барлық жанашыр-тілеулестерін қуанта берсін», деді О.Нәсибов.

Соңғы жаңалықтар