Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі

«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ең алдымен рәсімдерді оңайлату мақсатында негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл сатып алу рәсімін 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ал бүгінгі күні конкурстың орташа ұзақтығы 2 айды құрайды», - деді ол Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.
Оның дерегінше, сатып алудың аталған тәсілі кеңсе тауарлары, жанар-жағармай, байланыс қызметтері сияқты стандартты тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша пайдаланылатын болады.
«Бірінші кезеңде белгіленген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер іріктеліп, олармен негіздемелік келісім жасалады. Екінші кезеңде тапсырыс берушілер негіздемелік келісім жасалған әлеуетті өнім берушілерге тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға өтінімдер жібереді. Шарт ең жақсы ұсыныстармен жасалады», - деді Руслан Бекетаев.