Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын біріктіретін фактор болуы керек - ҚХА төрағасының орынбасары Александр Дедерер

ЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын біріктіретін фактор болуы керек, сондықтан бүгінгі күні жастарға мемлекеттік тілді оқыту, сондай-ақ, этникалық ықпалдастық өзекті мәселе болып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда "Этникалық кірігу және тіл саясатын дамыту тәжірибесін зерттеу" тақырыбында өтіп жатқан халықаралық "дөңгелек үстел" отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Александр Дедерер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Елбасы бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын Қазақстан Республикасындағы тілдік саясатты дамытудағы маңызды құрылым деп атап өтіп, Ассамблея мемлекеттік тілді меңгеру үрдісін бастау қажет және бұл үшін ешкімді жәбірлемей және мүдделеріне қол сұқпайтын шаралар кешенін жүзеге асыру керек деген болатын. Бұл шынымен де бағдарламаның табысты жүзеге асуының негізгі факторы және жалғыз жолы", деді ол.

Жиын барысында Қазақстан Республикасындағы Корея елшілігінің Бас консулы Шин Хёнг Ен: "Оңтүстік Кореяда тіл саясатының және этникалық ықпалдастықтың бай тәжірибесі жинақталған. Бұл Қазақстан елінің дамуына пайдалы бола алады", деп атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының даму тарихында көптеген ұқсастықтар бар. "Бүгінгі таңда 5 миллионға жуық қазақ Қазақстаннан тыс 44 елде өмір сүріп жатса, 7 миллионға жуық корейлер әлемнің 140 елінде өмір сүруде", деді ол.

Ресейдің Халықтар достығы университетінің ғылым докторы, профессор Ұлданай Бақтыгерееваның пікірінше, бүгінгі тақырыптағы дөңгелек үстел тек қана Қазақстанда емес, ТМД елдерінде де, тіпті бүкіл әлемде де - өзекті мәселе. «Тәжірибе ықпалдастығы мен тілдік саясат тәжірибесі өте маңызды міндеттер. Бұл тарапта, Қазақстан - ТМД елдері ішінде «ұш тұғырлы тіл» идеясын ұсынған алғашқы ел. Сондықтан, Қазақстан елін тіл саясатын жүргізудегі көшбасшы деп білемін. Ресейде кішігірім халықтардың тілдері жоғалу алдында тұрған ұлттар бар. Бұл жағдайға келгенде, Қазақстан мемлекеттік тілді дамыта отырып, басқа тілдердің де дамуына құрметпен қарайды, деп атап өтті Ұлданай Бақтыгереева.

Соңғы жаңалықтар