Мемлекеттің болашағы қазба байлықтарында емес, адами капиталында — Ерлан Қарин

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші — Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин жаңа Констиуцияның мазмұндық ерекшеліктері туралы айтып берді. 

Ерлан Қарин
Фото: Конституциялық сот

− Жаңа Конституцияның орталық идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалып отыр. Конституцияның жаңа мәтінінде «Конституциялық құрылыстың негіздері» деп аталатынын 1-бөлімнің 1-бабының 3-тармағында «Қазақстан Республикасы — адам капиталының, білімінің, ғылымының, инновацияның дамуын мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деп жазылған. Бұл мемлекеттік саясаттағы түбегейлі, маңызды бетбұрыс. Мемлекеттің болашағы қазба байлықтарында емес, білім мен ғылым, адами капитал және азаматтардың жетістігінде дегенді білдіреді. Бұл өте маңызды жаңа ұстаным, − деді Мемлекеттік кеңесші Конституциялық комиссияның бесінші отырысында.

Осылайша Ерлан Қарин жаңа Конституция «Мемлекет не үшін керек?», «Кім үшін керек?» деген сұрақтарға айқын, нақты жауап беретінін атап өтті.

Бұған дейін Ерлан Қарин Конституция преамбуласында алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде жазылатынын айтқан еді.

Сонымен қатар Ерлан Қарин Қазақстанға жаңа Конституция не үшін қажет екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар