06:10, 18 Қаңтар 2026 | GMT +5
Абай облысында жедел жәрдем көлігі науқаспен бірге қар құрсауында қалып қойды
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында қар құрсауында қалған жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Бородулиха ауданы Михайличенково ауылынан 7 шақырым жерде болған. Мұнда жедел жәрдем көлігі науқаспен бірге қар құрсауында қалып қойған.
Құтқарушылар жедел түрде жетіп, науқас аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
ТЖМ төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Айта кетейік, Ақтөбеде жолда қалған жедел жәрдем мен автобус жолаушыларына көмек көрсетілді.