22:30, 29 Қаңтар 2026 | GMT +5
Маңғыстауда бір отбасы қар құрсауында қалды
АҚТАУ. KAZINFORM — Оқиға Маңғыстау ауданы аумағында болған. Шетпе-Жармыш автожолында елді мекеннен 15 шақырым жерде, жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған.
- Оқиға орнына төтенше дағдайлар қызметкерлері дереу жетті. Көлікте бір ересек және үш бала болғаны анықталды. Құтқарушылар әйел мен балаларды өрт сөндіру бөліміне эвакуациялап, оларға қажетті көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Абай облысында жедел жәрдем көлігі науқаспен бірге қар құрсауында қалып қойғанын жазған едік.
Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 12 адамды құтқарды.