Мен барлық Халықаралық қауымдастықтардан Семейде және бүкіл дүниежүзінде жасалған ядролық қару сынақтарының салдары туралы терең ойлануларын сұраймын
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мен барлық Халықаралық қауымдастықтардан Семейде және бүкіл дүниежүзінде жасалған ядролық қару сынақтарының салдары туралы терең ойлануларын сұраймын. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ядролық жарылысқа қарсы іс-қимылдың Халықаралық күніне ұйымдастырылған конференцияның қатысушыларына жолданған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Жолдауында айтылған.
Аталған Жолдауды БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Орталық Азиядағы предентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының басшысы Мирослав Енча оқыды.
«Біздің тарихымыздың күңгірт дәуірі неғұрлым жақсы түсінілсе, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу перспективасына солғұрлым үміт артылады», делінген Үндеуде.
Сондай-ақ, онда аталған құжатта барлық ядролық полигондарды жабатын және олар әкелген зиянмен байланысты проблемаларды шешетін уақыт келіп жеткендігі атап өтілген. «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты күшіне енгізетін уақыт келді. Біздің барлығымыз ядролық қарусыз әлемде болуымызға уақыт жетті. Біз осы сынның барлығын келер ұрпақтың еншісіне қалдыра алмаймыз. Біздің әрқайсысымыз бүгінде неғұрлым қауіпсіз әлем орнату үшін қолымыздан келетіннің бәрін жасауға тиіспіз», делінген БҰҰ Бас хатшысының Үндеуінде.