Мен бұл жеңісімді Қазақстан халқына арнаймын - Олимпиада чемпионы С.Сәпиев
АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Мен бұл жеңісімді Қазақстан халқына арнадым. Бүгін таңертең Астанаға келіп, әуежайда баспасөз мәслихатын өткізген Олимпиада чемпионы, боксшылар құрамасының капитаны Серік Сәпиев осылай айтты.
«Бұл жеңіс - менің ғана жеңісім емес, ол - бүкіл қазақ халқының жеңісі. Оны мен өз еліме арнаймын. Олимпиада кезінде жанкүйерлердің қолдауы барынша сезілді. Сол үшін Сіздерге мың да бір алғысымды айтамын», - деді С.Сәпиев.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандының тумасы С.Сәпиев Лондонда өткен XXX Жазғы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, қазақтың абыройын асқақтатқан болатын.