18:54, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мен Қазақстан туралы қажетті ақпаратты «ҚазАқпарат» таспасынан аламын ? Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Янош Балла
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Марат Манасбаев/ - Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Янош Балла бүгін біздің ақпараттық агенттікте ізеттілік сапарымен болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Дәурен Дияровпен кездесу барысында бауырлас мемлекеттің дипломатиялық миссиясының басшысы Елшіліктің Астанаға көшетінін және жақын күндерде Есілдің сол жағалауына қоныстанатынын айтты. Янош Балла Мажарстан Елшілігінің еліміздің мемлекеттік органдарымен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жолға қоюға мүдделілігін білдірді. Я.Балланың айтуынша, ол Қазақстан туралы барлық қажетті ақпаратты «ҚазАқпарат» таспасынан алады. Елші біздің агенттік жаңалықтарының жеделдігіне, шынайылығына, өзектілігіне, мазмұнына жоғары баға берді.