Мен үшін ядролық қарусыз әлем - абсолютті саяси аксиома- Елбасы Н. Назарбаев
ТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мен үшін ядролық қарусыз әлем - абсолютті саяси аксиома. Бүгін елордада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем үшін» форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Ядролық қару сынақтарын алғашқы болып жапқан елдің Президенті ретінде мен үшін ядролық қарусыз әлем - абсолютті саяси аксиома. Мен үшін және менің халқым үшін 1991 жыл ерекше кезең болды. Бұл жылы ел Тәуелсіздігі жарияланып, Семей сынақ алаңы жабылды. Ал тарихтың сабақтары олар тек болашаққа бағытталғанда ғана мағыналы болады. Сондықтан да, өткен шақты еске ала отырып, біз болашақтағы, ХХІ ғасырдағы біздің ұрпақтарымыздың ядролық қарудан қауіпсіздігі бойынша нақты әрекеттер туралы ойлауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент форумға қатысушыларға және осы мақсатта әлемде күш-жігерін жұмсап жүргендердің еңбегіне сәттілік тіледі.
«Мен осы жүзжылдықта планетамыз ядролық өзін-өзі жою зұлматынан біржолата құтылады деп сенемін», - деп аяқтады сөзін Елбасы.