Мені республиканың халықаралық ареналарға шығарып жүрген қазақстандық бастамаларының рухты тізбесі ылғи да тәнті етеді - Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары комиссары Кэтрин Эштон

ЮССЕЛЬ. 19 шілде. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары комиссары, Еуропалық комиссияның вице-президенті баронесса Кэтрин Эштон

Мені  республиканың халықаралық ареналарға шығарып жүрген қазақстандық бастамаларының рухты тізбесі ылғи да тәнті етеді  - Еуроодақтың  Сыртқы істер   және қауіпсіздік  саясаты  жөніндегі   жоғары комиссары Кэтрин Эштон

біздің республиканың халықаралық ареналарға шығарып жүрген қазақстандық бастамаларының рухты тізбесіне ылғи да тәнті екенін жеткізді. Еуропалық шенеунік Брюссельде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған келіссөздің барысында осындай пікір айтты.

Еуроодақ Жоғары өкілі: «Мені республиканың халықаралық ареналарға шығарып жүрген қазақстандық бастамаларының рухты тізбесі ылғи да тәнті етеді. Бұл Қазақстан саясатының қуаттылығын білдіреді. Бізді алдымызда ынтымақтастықтың үлкен жолы күтіп тұр және осы жолды аман-есен жүріп өтетінімізге мен сенімдімін», - деп атап көрсетті.

Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуроодақ Кеңесінің Президенті Херман Ван Ромпей 2010 жылы жоғары деңгейде өткен кездесуде қол жеткізген келісімдердің аясында Еуроодақ пен ҚР арасында байланыстар орнату мәселелерін талқылады. Брюссель мен Астананың арасындағы ілгерінді серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа базалық келісімі бойынша жүріп жатқан келіссөз үдерісі де талқыланды.

Е.Қазыханов сондай-ақ К.Эштон ханымды қос тараптың арасындағы визалық режимді оңтайландыру туралы Қазақстанның бастамасы жайлы хабардар етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, ЕҚЫҰ-ға мүше 34 елмен визалық режимді оңтайландыру жұмыстары жүріп жатқанын айтып өтті.

Сонымен қатар сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері, Еурокомиссияның «қара тізімінен» қазақстандық әуекомпанияларды алып тастау мәселелері де сөз болды. Тараптар осы бағытта едәуір ілгерілеушіліктің бар екенін атап көрсетті және қазақстандық әуетасымалдаушыларды «қара тізімнен» шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға талпыныс білдірді.