11:32, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Мереке күндері қосымша 80 жолаушылар вагоны бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мереке күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша вагондар бөледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Мереке күндері (ҚР Тәуелсіздігі мен Жаңа жыл) жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында АҚ жолаушылар пойызына қосымша 80 вагон қосу туралы шешім қабылданды», - делінген «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына берілген ресми жауапта.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге сұранысқа ие бағыттар талданып жатыр. Сонымен бірге, қазір қосымша жолаушылар пойызын ашу мәселесі де қарастырылуда, толық ақпарат кейінірек хабарланады.