Меркеде ҚР Шекара қызметінің қызметкерлері «Қырғыз темір жолы» директорымен кездесті

БІШКЕК. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - ҚР Шекара қызметі қызметкерлерінің «Қырғыз темір жолы» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Асан Рысмендиевпен кездесуі шекара қызметінің жолаушылар пойызын тексеруі мәселесіне арналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысының Мерке стансысында өткен кездесуде тараптар шекаралық қызметтің жолаушылар пойызын тексерудегі іркілістері проблемаларын талқылады. Шекарашылар тексеру кезіндегі пойыздардың кешіктірілуіне орай өз уәждерін айтты және тексеру рәсімдерін барынша оңайлатуға күш-жігерлерін жұмсайтынын жеткізді. А.Рысмендиев Мерке стансысында шекара қызметі жолаушылар вагондарын тексеру уақытын әсіресе жазғы маусымда қысқартатынына сенім артты.
Соңғы жаңалықтар