Метеориттің бөлшектері Қазақстан аумағында анықталмады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында метеориттің қалдықтары табылған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.

Метеориттің бөлшектері Қазақстан аумағында анықталмады - ҚР ТЖМ

Министрдің айтуынша, метеорит Ақтөбе, Қостанай облыстарының үстінен ұшып өтті. Осы орайда министрлік дереу тиісті іс-қимылдар жасаған екен.

Бұл тұрғыда В. Божко метеориттің бөлшектері Ақтөбе облысы аумағына түсті деген ақпарат болғанын жеткізді. «Комиссияны бірқатар аудандарға жеткіздік, алайда метеориттің іздері анықталған жоқ», - деп түйді министр.