Metro AG концерні Германияда Қазақстанның экспорттық әлеуетін таныстырмақ

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Metro AG неміс концерні мен оған қарайтын Galeria Kaufhof сауда орталығы Германияда Қазақстанның экспорттық әлеуетін таныстыруға қызығушылық білдірді.
None
None

«Metro AG» концернінің вице-президенті Михаэль Видманның атап өтуінше, компания қазақстандық тараппен сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Оларға Қазақстанның шетелдік инвесторлармен жұмысы ұнайды.

«Біз Қазақстанның Германияда экспорттық мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік беріп, өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Берлинде Александрплатцта біздің Galeria Kaufhof сауда орталығында қазақстандық өнімдер үшін орындар беру жөнінде өзара тиімді ұсыныстар жасалған болатын», - деді М.Видман.

Өз тарапынан Берлин қаласындағы Galeria Kaufhof сауда орталығының іс басқарушысы Торстен Крузе жалпы аумағы 6000 шаршы метр болатын алты қабатты сауда орталығы Берлиннің орталығында Александрплатцта орналасқанын айтты. Компания шетелдік серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Олар сауда орталығының алаңдарында ақысыз негізде уақытша фирмалық ұлттық өнімді шығаруды ұсынады.

«Басқа елдермен өзара байланыс орнату тәжірибесі арқылы ынтымақтастықтың осындай түрі екі тарапқа да өте тиімді. Біз үшін шетелдік фирмалық тауарларды таныстыру мүмкіндігі біздің тұтынушылар арасындағы имиджімізді көтереді. Әріптес ел өз кезегінде, өз компанияларының экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігін алады. Қазақтандық әріптестер біздің ынтымақтастық туралы ұсынысымызды қабыл алады деген үміттемін», - деп атап өтті Т.Крузе.

Атап өту керек, «Metro AG» концерні өкілдерінің ұсынысы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына сәйкес жасалды. Бұл құжат Германияның ынтымақтастық жөнінде нақты ұсыныстармен шығатын іскер топтарының өкілдеріне қуатты серпін берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум