Мейірлан Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мейірлан Ақылбекұлы Раханов
Фото: Үкімет

– Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды әкімдігінің ішкі саясат басқармасында бастаған. 

2012 жылы Қарағанды облысы бойынша салық басқармасында жетекші маман болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы қызметін атқарған. 

2013-2016 жылдары – Ақпарат комитетінің баспа БАҚ бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы. 

2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы. 

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімі ауысқанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар