«Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясына 10 мыңға жуық адам қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы өз мәресіне жетті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясына 10 мыңға жуық адам қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Бұл бастама қоғамдағы қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталды. Он күн бойы еліміздің барлық өңірінде жастар ұйымдары мен волонтерлер қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Акцияның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналды, — делінген хабарламада.

«Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясына 10 мыңға жуық адам қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Атап айтсақ, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар үйі мен балалар үйіне қолдау білдіру, медициналық мекемелерде донорлық акциялар ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек беру, сондай-ақ коммуналдық қызмет саласы қызметкерлерін қолдау бойынша жобалар жүзеге асты. 

Бұған дейін Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының лауреаттары анықталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар