17:45, 20 Қаңтар 2026 | GMT +5
Мичиганда 100-ден астам көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды
АСТАНА. KAZINFORM — Оқиға дүйсенбі күні Оттава округіндегі 196-шы штатаралық тас жолда болған, деп хабарлайды CBS News.
Жеңіл көліктерден басқа, 30-дан 40-қа дейін жүк көлігі апатқа ұшырады.
Ірі апатта 9-дан 12-ге дейін адам жарақат алды.
Шериф орынбасарларының айтуынша, көптеген жарақат алған адам тіркелгенімен, қаза болғандар жоқ.
Жергілікті өрт сөндіру бөлімшелері мен фельдшерлер зардап шеккендерге көмек көрсетті, ал кейбіреулері жергілікті ауруханаларға жеткізілді.
Жергілікті билік тас жолда қалып қойған жүргізушілерден автобус келгенше көліктерінде қалуды сұрады. Содан кейін олар Хадсонвилл мектебіне жеткізілді.
Бұған дейін Испания елдің оңтүстігінде болған пойыз соқтығысуынан кейін үш күндік аза тұту жариялағаны хабарланған болатын.