18:51, 24 Қараша 2022 | GMT +5
Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 264-ракеткасы, бельгиялық Микаэль Гритцпен күш сынасты.
М.Кукушкин 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 4 брейкке қол жеткізді.
М.Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 122-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Фото: ktf.kz